Келесі жылдың басында қазақша сайт редакторларының конференциясы болады - Е. Қарин - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылдың басында қазақша сайт редакторларының конференциясы болады - Е. Қарин

Келесі жылдың басында қазақша сайт редакторларының конференциясы болады - Е. Қарин

2013 жылдың қаңтар айында қазақша сайт редакторларының конференциясы өтеді.

  • 22 Желтоқсан 2012
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Астана интернет форумы 2012» ақпараттық технология саласындағы республикалық форумында «Нұр Отан» ХДП Бас хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл форум ғаламтор саласында еңбек етіп жүрген қазақ тілді жастардың ұйымдастыруымен өтейін деп отыр.

«Құдайға шүкір, бүгінде тұрақты түрде жұмыс істеп келе жатқан, өзінің тұрақты оқырмандары бар қазақ сайттары көбейіп келе жатыр. Міне, аталмыш форумда солардың редакторларының басын қосып, ортақ мәселелерді талқылап, қазақ тілді интернет аудиториясын кеңейту жолдары талқыланатын болады», — деп атап өтті Е. Қарин.