Келесі жылдың соңына дейін барлық үлескерлер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылдың соңына дейін барлық үлескерлер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі - президент

Келесі жылдың соңына дейін барлық үлескерлер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі - президент

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Келесі жылдың соңына дейін барлық үлескерлер тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше республикалық телеарналардың басшыларына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Қазан 2008
  • 340
Фото - Caravan.kz

«Үлескерлер негізінен тұрғын үйге қатысты зардап шекті. Өкінішке қарай, біздің адамдарымызда нарықтық экономиканы түпкілікті түсіну өз деңгейінде емес. Соған қарамастан, мемлекет екінші деңгейлі банктерге қаржы бөлу арқылы көмекке келіп отыр. Бірақ бұл — қайтарылатын ақша»,- деді мемлекет басшысы.

2007-2008 жылдары үлескерлік құрылысқа байланысты туындаған күрделі жағдайды тұрақтандыру үшін Елбасының тапсырмасымен үкімет бірқатар шаралар алды. Үлестік құрылыстарды қолдау мақсатында 175 млрд. теңге бөлінді. Олардың ішінде Астана мен Алматы қалаларындағы проблемалы нысандар мәселесін шешу үшін 27,2 млрд. теңге, Астанадағы құрылысы аяқталмаған үлестік нысандардағы пәтерлерді сатып алу үшін 41 млрд. теңге қарастырылды. Қазірге дейін 8 мың үлескер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қалғандары келесі жылдың соңына дейін алатын болады. Жұртшылық үкімет тарапынан осындай көмек жасалып жатқандығын түсінулері керек, деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар