Келесі жылы Астанаға аты аңызға айналған боксшылар келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылы Астанаға аты аңызға айналған боксшылар келеді

Келесі жылы Астанаға аты аңызға айналған боксшылар келеді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2017 жылы жылсайынғы 55-ші конвенция Қазақстанда өткізілетіні туралы ресми жариялады. Бұл туралы ұйымның

  • 16 Желтоқсан 2016
  • 950
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2017 жылы жылсайынғы 55-ші конвенция Қазақстанда өткізілетіні туралы ресми жариялады. Бұл туралы ұйымның Twitter-аккаунтында жазылды, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Қазақстан, 2017 жылы кездесеміз! WBC 55-ші жылсайынғы конвенциясы», — делінген хабарламада.

Астанада келесі конвенцияны өткізу ұсынысын Холливудте (Флорида) өтіп жатқан (11-17 желтоқсан) WBC 54-ші конвенциясында Дүниежүзілік бокс кеңесі мақұлдады.

Айта кетейік, таяуда WBC белбеуінің жаңа дизайнында Қазақстанның туы бейнеленеді. Бұл Геннадий Головкин WBC титулы мен белбеуін жекпе-жексіз алғаннан кейін мүмкін болды. Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес қазақстандық чемпионмен жұдырықтасудан бас тартқан еді.