"Келесі жылы қымбатшылықты ұмытуға болады": Биыл астық түсімі жақсы деген болжам бар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Келесі жылы қымбатшылықты ұмытуға болады": Биыл астық түсімі жақсы деген болжам бар

"Келесі жылы қымбатшылықты ұмытуға болады": Биыл астық түсімі жақсы деген болжам бар

Арпа, бидай ас екен, алтын-күміс тас екен.

  • 16 Қазан
  • 13
Фото: ашық дереккөз

Нан болса, ән болады. Биыл астық түсімі жақсы болып жатыр деген хабарлар шығып жатыр. Бүгін Қарағанды облысында 1 млн 300 мың тонна астық жиналғаны туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Өте жақсы көрсеткіш. «Арпа, бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» деп өскен халықтың ұрпағымыз ғой. Астықтың түсімі мол болғаны мемлекет үшін тиімді. Биыл Қарағанды облысында жоғары өнім түсуінің басты факторы ретінде бірнеше себеп айтылып жатыр.

Мысалы, биыл мемлекеттік қолдау жоғары деңгейде көрсетілген. Ауыл шаруашылығы техникасы уақытылы дайындалған. Жоғары сапалы тұқымдар пайдаланылған. Егін егу және жинау маусымы кезінде жанар-жағармаймен қамтамасыз ету уақыты орындалған.

Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусиннің айтуынша, гектарына 15 центнерден өнім жиналыпты. Әсіресе, Абай, Бұқар Жырау, Нұра және Осакаров аудандарында түсім жоғары. Сондай-ақ картоп та мол өнім берген. 11,3 мың гектардан 300 мың тоннадай картоп жиналыпты. Бұл да жақсы көрсеткіш. Демек, биыл картоп пен астықтың қорын жақсылап жинап алсақ, алдағы уақытта бағаның өсуіне тосқауыл болады.

Бұдан бөлек, өңірде майлы дақылдардың түсімі де жаман емес. 23,4 мың тонна жиналыпты. Қазіргі таңда жергілікті қоймалар бүкіл егінді сақтауға дайын тұр. Жергілікті фермерлер де биыл ерекше жыл болғанын айтып отыр. Жауын-шашын мен дәнді дақылдарға түскен ауру егін өсурге кедергі келтірген екен. Соған қарамастан, ауыл тұрғындарының еңбегі мен мемлекеттің көмегі жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріпті.

«Қарағанды облысының нәтижесіне өте жақсы деген баға беруге болады. Енді, елдегі басқа өңірлер де осындай нәтиже көрсетіп жатса, келесі жылы қымбатшылықты ұмытуға болады», — дейді Оңғар Қабден.