Келесі жылы Қазақстанда өндірілген 44 млн тонна мұнайға Пайдалы қазба өндіруге салынатын салық салынады - Сұлтанов (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылы Қазақстанда өндірілген 44 млн тонна мұнайға Пайдалы қазба өндіруге салынатын салық салынады - Сұлтанов (толық нұсқасы)

Келесі жылы Қазақстанда өндірілген 44 млн тонна мұнайға Пайдалы қазба өндіруге салынатын салық салынады - Сұлтанов (толық нұсқасы)

Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Келесі жылы Қазақстанда өндірілген 44 млн тонна мұнайға Пайдалы қазба өндіруге салынатын салық салынады. Бұл туралы бүгін Қазақстан парламентінің мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстыруы кезінде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2008
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Келесі жылы өндіріледі деп болжанған жалпы мұнай көлемінен пайдалы қазба өндіруге салынатын салық аясына 44 млн тонна мұнай қамтылады», — деді Б. Сұлтанов.

Бұған дейін министр «Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуды реформалау ТШО компаниясымен арадағы келісім-шарт пен қазір күшіндегі Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім-шарттарынан басқа барлық жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқан келісім-шарттарындағы салық режимінің тұрақтылығы жөніндегі ережені алып тастауды қарастырады», -деген.

Сонымен бірге, үкімет роялтиді пайдалы қазба өндіруге салынатын салықпен ауыстыруды, ренттік салықты экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатынан алынатын экспорттық кедендік баж салығымен алмастыруды ұсынуда. «Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатынан алынатын экспорттық кедендік баж салығы Қазақстан үкіметінің 2008 жылдың 17 мамырындағы қаулысымен бұдан бұрын енгізілген».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар