Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Психолог өз сөзінде «ене — ана, ал келін — қыз бола алмайтынын» кесіп айтты.
«Ене — ана емес, келін — қыз емес. Рольді ауыстырудың қажеті жоқ. Бізде тойда тұрамыз, майысып: «қызымдай көретін» боламын деп. Шындығында олай істей алмаймыз. Өйткені ол мүмкін емес, әркім өз ролінде өзінің міндетін атқару керек.
Сол кезде отбасында проблема болмайды. Бізде бықпыртып, бірінің үстіне бірі салып, сосын барып: «Мені қызымдай көрмейді, мені анасындай сыйламайды» деп бір-бірімізге ренжіп жүреміз. Ененің орны бөлек, келіннің өзінің парызы бар. Осыны ұмытпасақ, шатастырмасақ проблема да болмайды», — деп түсіндірді психолог.