«Келін Сәбина» фильмі Қазақстан кинопрокатында рекорд жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Келін Сәбина» фильмі Қазақстан кинопрокатында рекорд жасады

«Келін Сәбина» фильмі Қазақстан кинопрокатында рекорд жасады

- Нұртас Адамбаевтың комедиясы қазақстандық кинопрокатта рекорд жасады. Сондай-ақ елімізде алғаш рет бұл фильмге билеттер бірнеше күн бұрын алдын ала сатылуда, деп жазады 24.kz.

  • 14 Желтоқсан 2014
  • 682
Фото - Caravan.kz

5 күннің нәтижесі бойынша кассадан түскен қаражат 110 млн. теңгені құрады. Бұл фильмді түсіру үшін кеткен қаражаттан екі есе көп. Нұртас Адамбаевтың өзі де мұндайды күтпеген көрінеді.

«Мен дәл осындай табысты күтпеп едім, фильм көрермендерге ұнайды деп қана болжаған едім, алайда, билеттерге кезек болады деген үш ұйықтасам түсіме де кірмепті. Кей адамдар сеансқа бірнеше күн бойы кіре алмай жүргендерін жазады. Бұл қызығушылық фильмнің басты кейіпкері өзіміздікі болғандықтан деп ойлаймын. Сюжеті, сценарийі, әзілдері және оның тебіреністері — бұның барлығы біз туралы. Халыққа шындық ұнайды. Ал біз өз кезегімізде келесі жобаның дайындығын бастау мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз»,- деп ағынан жарылды.



Перейти к новостям спорта