"Келіндер туған күн тойламайды": Жазира Байырбекова енесінің қандай талап қойғанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Келіндер туған күн тойламайды": Жазира Байырбекова енесінің қандай талап қойғанын айтып берді

"Келіндер туған күн тойламайды": Жазира Байырбекова енесінің қандай талап қойғанын айтып берді

Жазира Байырбекова меншікті мерекесін тойламайтын жандардың қатарында. Әншінің бұл әдеті келін болып түскен жастық шағынан басталған. Сөзінше, енесі ауылда келіндердің туған күні тойланбайтынын кесіп айтқан. Содан бері Байырбекова екінші анасының айтқанын екі етпей келеді.

  • 27 Қыркүйек 2022
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жақындап қалған туған күнімді биыл да тойламаймын. Тұрмысқа шыққанда апам (енем) "біздің ауылда келіндер туған күн тойламайды" деп айтқаннан бері тойламай келемін.

Ауылда қазір бәрі өзгерді. Менің санама қатты сіңіп қалды ма, өзгере алмай жүрмін.

Алдын ала айтып қояйын. Мен туған күнімде де жұмыста боламын.
Алла қаласа Қазбек үйленіп, келінді болып, бір саты өскеннен бастап құда-құдағиыммен бас қосып тұру үшін тойлаймын деп ойлаймын", — деп жазды Байырбекова Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің бұл қылығына таңырқай қарады.


"Ененің айтқанын екі етпей тыңдау, ол — үлкен құрмет. Келін алған соң, бір саты көтерілгенде тойлармын дегеніңіз көргенділігіңіз. Аллам сізді құрметті болудан ажыратпасын. Отбасыңызға адал, инабатты келін келсін. Әдемі, сұлу болып жүре беріңіз", — деп жазды оқырмандардың бірі.