Бұл туралы ол «КешREC» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Айгүлдей талантты, еңбекқор, сүйкімді, сұлу, мейірімді келінім болғаныма Аллаға үлкен рақметімді айтамын. Айгүлдей келінім жоқ. Өте тату тұрамыз, қызымдай көремін», — деді енесі.
Сұхбат барысында Айгүл Иманбаева да өз келіні туралы пікір білдірді.
«Менің де ағым мен көзімнің қарасы. Асылжанымның асыл жары. Таңдауы — Семейдің найман қызы. Белгілі абайтанушы, әдебиеттің, мәдениеттің жанашыры Алмахан Мұхаметқалиқызының қызы. «Анасына қарап қызын ал» деп қазақ бекер айтпаған. Өзім сияқты аңқылдаған, ашық. Келінім табалдырықты аттаған бойдан «аяқ асты ғұлама болып саған ақыл айтпаймын дедім. Қарт анамның батасын күндіз,түні ала берші деп тек соны ғана сұрадым», — деді әнші.