Қоғам белсендісінің сөзінше, аталған аймақта әлі күнге дейін қайын жұртынан тепкі көретін қыз-келіншектер жетерлік, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Аталған мәселе жайлы журналист өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.
«Оңтүстік өңірде олардың 5 байы бар: күйеуі, енесі, қайын ағалары, қайын әпкелері, қайнысы.
Мынау не? Сұмдық-ай деп ештеме жазбай-ақ қояйын. Қарт енесі келінін шаштан тартып төпелеген төбелес арасында кішкентай қыз жүр. Көз ашқалы әкесі, апасы, әжесі, көкелері, кейде атасы да жалғыз анасын ұрып жатқанын көріп өскен бала үшін бұл норма сияқты.
Жаны ашығансып “болды, шаштан тартпа” деп видеоға түсіріп тұрған кемпірдің қызы ма әлде абысыны ма?
Ар жағында шырт түкіріп күйеуі қарап отыр; мұндайларға өз әйеліне араша түсу западло. Дәл мына оқиға Қырғызстанда болған. Шаңырақ иесі ақсақал қайтқан соң үйге талас басталды. Енесі келінге кет, үй менікі деп шашын жұлып, көкала қойдай сабап тастаған. Қызы түсіріп тұр.
Неге Оңтүстік, неге минус депсіз бірден жаз бойы плюсын жаздық қой қарбызын, Еңбегін, сүт зауытын, балын, Қазығұртты мақтадық, балмұздағын. Ал, қазір осындай хат келсе оңтүстіктен, 2 хат мен не істейін, мекен-жайын Солтүстік деп өзгерте салайын ба?
Мен Қазақстанды бөліп-жармаймын, барлық өлкесін сүйемін, барлық жақтағы басына іс түскен келіндерге жаным ашиды. Қолымнан келгенше араша түсемін!»,- деп жазды ол.