Келісім бойынша жеңілуі тиіс болған матч төңірегіндегі дау әлі сейілген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келісім бойынша жеңілуі тиіс болған матч төңірегіндегі дау әлі сейілген жоқ

Келісім бойынша жеңілуі тиіс болған матч төңірегіндегі дау әлі сейілген жоқ

Ғаламторда «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев пен «Ордабасы» клубының жаттықтырушысы Бақтия

  • 1 Қыркүйек 2016
  • 626
Фото - Caravan.kz

Ғаламторда «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев пен «Ордабасы» клубының жаттықтырушысы Бақтияр Байсейітовтің өзара телефон әңгімесі делінген видео шыққалы біраз болды. Ондағы сөздерден Қазақстан премьер-лигасындағы кейбір ойындардың алдын ала келісіліп қоятынын аңғаруға болады. Caravan.kz медиа-порталы даулы оқиғаға қайта оралуды жөн санады.

Еске сала кетсек, жазылып алынған төмендегі әгіме 13 тамызда Ақтөбеде өткен ойын төңірегінде. Сөз ауанынан ақтөбеліктер келісім бойынша Ордабасыдан жеңілуі тиіс болғанын түсінуге болады. Әйтседе, ойын 4:4 есебімен тең аяқталаған.

Осы себепті қос әңгімелесушінің бірі 350-360 мың доллар көлемінде ақшадан қағылған. 

Бірақ, Дмитрий Васильев аталған жазбаның жалған екенін, оның арандату мақсатында қасақана ұйымдастырлғанын кейін мәлімдеген болатын. 


Дегенмен дау туғызған телефон жазбасы әлі де қызу талқылануда. Себебі оқиғаға әлі толық нүкте қойылған жоқ.Көпшілік мұндағы дауыс солардыкі, жазба шынайы дегенге сенімді