Келіссөз құны 2 миллион теңге: Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келіссөз құны 2 миллион теңге: Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан

Келіссөз құны 2 миллион теңге: Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан

Алматыда нәрестелерді сатумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды.

  • 7 Қараша 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Олардың қатарында АХАЖ қызметкері де бар. Қазір 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 қылмысқа қатысы бары анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан топ ұзақ уақытқа созылған шараның нәтижесінде ұсталған. Олар баласыз жұптарға нәрестені заңсыз асырап алуда көмек көрсеткен.

"Жүргізілген іс-шара нәтижесінде құрамында аудандық АХАЖ бөлімінің қызметкері бар топ алдын-ала келісім бойынша сәбиінен бас тартуға дайын жүкті әйелдер мен балалы болғысы келетін отбасыларды іздеген. Сондай-ақ жалған туу туралы куәлік дайындаған", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.

Сөзінше, келісімшарт құны 2 миллион теңгеге дейін, ал жалған құжат жасау бағасы 700 мың теңгеге дейін жеткен.


"Бүгінде күдіктілердің алты сәби сату дерегіне қатысы бары анықталды", — деп қосты Нұрмағамбетов.

Күдіктілердің барлығы тергеу изоляторына қамалған. Егер кінәлары дәлелденсе, 12-ден 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.