"Келмесең, балконнан секіріп кетемін": Қайрат Нұртасқа ес-түссіз ғашық бойжеткен өз-өзіне қол салмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Келмесең, балконнан секіріп кетемін": Қайрат Нұртасқа ес-түссіз ғашық бойжеткен өз-өзіне қол салмақ

"Келмесең, балконнан секіріп кетемін": Қайрат Нұртасқа ес-түссіз ғашық бойжеткен өз-өзіне қол салмақ

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының 18 жастағы кезін еске түсіріп, ұлына ғашық бойжеткеннің өз-өзіне қол салмақ болған кезін еске алды.

  • 29 Қараша 2018
  • 125
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Мына әніне қарап, Қайраттың 18 жасындағы "Арман" әні xит болып жатқан кезіндегі бір оқиға есіме түсіп кетті. Телефонына бір жас қыз звондап, Қайрат мен тек сені ойлаудан, сенің әндеріңді тыңдап, сені күтуден шаршадым. Еш жерге сияр емеспін, дәл қазір келмесең мен балконнан секіріп өлемін дейді.😊 Оны тыңдап тұрған Қайрат, ана қызға жалынып жатыр. Өлмеші, мен біреу ғанамын, сендер көөөпсіндер ғой деп. Трубканы қойған соң, танымайтын біреу, бірақ өліп қалса не істеймін, мені қамап тастайды ма дейді. Ол кез аңғал әрі аңқау кезі ғой.😅 Эx небір қызықтар өтті ғой😊 Ол кезде Жұлдыз да өте аңғал бала болатын. Бір күні бадырайған көзі одан сайын бадырайып, үркіп келіп тұр. Не болды, тыныштық па десем: мама, тыныштық емес, бір қыздар звондап, сенің кесіріңнен Қайрат Нұртас өліп қалыпты ғой, енді сені өлтіреміз дейді,- деп тұр. Тура бір үйге қыздар кіріп келіп Жұлдызды өлтіретіндей күйде. Ішек-сілем қатып күлгенмін, аңғалдығына😅 Енді екеуі мені алдамаса алданбайтындай қайта маған ақыл айтатын жасқа жетті" — деп жазады Айдарбекова.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova) on

 

Соңғы жаңалықтар