Кембағал жандар арасындағы биден Қазақстан чемпионатында тараздықтар топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кембағал жандар арасындағы биден Қазақстан чемпионатында тараздықтар топ жарды

Кембағал жандар арасындағы биден Қазақстан чемпионатында тараздықтар топ жарды

Астанада өткен арбаға таңылған мүгедектер арасындағы биден Қазақстан чемпионатында «алтын» және «күміс» жүлделерін «Тараз толқыны» клубының тәрбиеленушілері Талғат Аманбеков пен Толғанай Төребекова ұтып алды.«Латынамерикандық бағдарламада Талғат (1-топтағы мүгедек) пен Толғанайға тең келер жан болмады. Сондықтан қазылар алқасы бір ауыздан оларды алтын медальға сай деп таныды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Талас толқыны» спорттық би клубының директоры Дәкен Төребеков. - Ал күміс жүлдені бұл жұп еуропалық бағдарламада алды. Тағы екі тәрбиеленушілеріміз Дания Домынова (1-топтағы мүгедек) мен Аян Әуезовтер чемпионат финалында 8-ші орынға ие болды».

«Талас толқыны» клубы директорының айтуынша, 2013 жылы да Талғат Аманбеков пен Толғанай Төребекованың жұбы Қазақстан чемпиондары мен арбадағы биден ҚР кубогының иегері атанған. «Бүгіндері Талғат біздің клубта бапкер ретінде жұмыс істейді. Елбасының мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеуді белсенді жүзеге асыру идеясына біз де өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті Д. Төребеков.
Кембағал жандар арасындағы биден Қазақстан чемпионатында тараздықтар топ жарды Кембағал жандар арасындағы биден Қазақстан чемпионатында тараздықтар топ жарды Кембағал жандар арасындағы биден Қазақстан чемпионатында тараздықтар топ жарды

  • 14 Сәуiр 2014
  • 430
Фото - Caravan.kz

Астанада өткен арбаға таңылған мүгедектер арасындағы биден Қазақстан чемпионатында «алтын» және «күміс» жүлделерін «Тараз толқыны» клубының тәрбиеленушілері Талғат Аманбеков пен Толғанай Төребекова ұтып алды.«Латынамерикандық бағдарламада Талғат (1-топтағы мүгедек) пен Толғанайға тең келер жан болмады. Сондықтан қазылар алқасы бір ауыздан оларды алтын медальға сай деп таныды», — деді ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Талас толқыны» спорттық би клубының директоры Дәкен Төребеков. — Ал күміс жүлдені бұл жұп еуропалық бағдарламада алды. Тағы екі тәрбиеленушілеріміз Дания Домынова (1-топтағы мүгедек) мен Аян Әуезовтер чемпионат финалында 8-ші орынға ие болды».



«Талас толқыны» клубы директорының айтуынша, 2013 жылы да Талғат Аманбеков пен Толғанай Төребекованың жұбы Қазақстан чемпиондары мен арбадағы биден ҚР кубогының иегері атанған. «Бүгіндері Талғат біздің клубта бапкер ретінде жұмыс істейді. Елбасының мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеуді белсенді жүзеге асыру идеясына біз де өз үлесімізді қосып жатқанымызға қуаныштымыз», — деп атап өтті Д. Төребеков.
Кембағал жандар арасындағы биден Қазақстан чемпионатында тараздықтар топ жарды Кембағал жандар арасындағы биден Қазақстан чемпионатында тараздықтар топ жарды Кембағал жандар арасындағы биден Қазақстан чемпионатында тараздықтар топ жарды

Перейти к новостям спорта