«Кемпір болғанда тағады»: Орамалды қызды мектепке кіргізбей қойған мектеп әкімшілігін көпшілік жаппай қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кемпір болғанда тағады»: Орамалды қызды мектепке кіргізбей қойған мектеп әкімшілігін көпшілік жаппай қолдады

«Кемпір болғанда тағады»: Орамалды қызды мектепке кіргізбей қойған мектеп әкімшілігін көпшілік жаппай қолдады

Желіде орамал таққан мектеп оқушысын мектепке кіргізбей қойған видео тарады.

  • 15 Қыркүйек 2023
  • 55
Фото - Caravan.kz

Онда қыз баланың жылап қалған сәтін анық көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оқиға № 103 мектепте болған. Бірақ қай өңір екені айтылмаған. Ересектер мектеп формасын киіп, басына ақ орамал таққан оқушының білім мекемесінн кіре алмай жүргенін айтқан. Мектеп әкімшілігі "орамалды оқушы сабаққа кіргізілмейді" деген.

Ал сол жердегі ересектер баланың білім алуына кедергі жасау заңға қайшы әрекет деп видеоға түсірген. Оқушы қыз екі тарапқа бөлініп сөз таластырып, дауласқан ересектер әрекетінен кейін жылап жіберген.

Десе де желі қолданушылары мектеп әкімшілігін жаппай қолдаған. Олар:


«Дұрыс, кемпір болғанда тағасың әлі орамалды», «Басқа балаларды үгіттейді сосын, заң жоқ бізде», «Масқара, мектеп оқушысына салпаңдатып хиджаб кигізіп қойған» деп жазды олар.