Жарияланды: 430

Кенесары Түркияға жол тартады - БАҚ

Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл толуына орай, қазыналы қазақ өнерін түрік елінде насихаттау мақсатында Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің ұйымдастыруымен

Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры қарашаның І2-і күні Анкарада, 14-і күні Ыстамбұлда үлкен сахналарда театр репертуарындағы үздік туындылардың бірі - Думан Рамазанның «Кенесары-Күнімжан» драмасын түрік тілінде қояды. Бұл туралы «Айқын» газетінің бүгінгі санында хабарлайды. Шығарма Қазақ хандығының соңғы ханы - Кенесарының өміріне арналған. Қойылымда қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, этнографиясы, ән-жыры, би-күйі, парасат-пайымы, таным-түсінігі жақсы көрсетілген. Қойылым жас ұрпақты отансүйгіштікке баулиды. Биылғы наурызда ТІКА-ның мұрындық болуымен Астанадағы Юнус Эмре Түрік мәдениет орталығы пьесаны қазақ тілінен түрікшеге аударды. Түркияның мемлекеттік театрлар басқармасы тарапынан қолдау көрсетілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін