Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры қарашаның І2-і күні Анкарада, 14-і күні Ыстамбұлда үлкен сахналарда театр репертуарындағы үздік туындылардың бірі — Думан Рамазанның «Кенесары-Күнімжан» драмасын түрік тілінде қояды. Бұл туралы «Айқын» газетінің бүгінгі санында хабарлайды.
Шығарма Қазақ хандығының соңғы ханы — Кенесарының өміріне арналған. Қойылымда қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, этнографиясы, ән-жыры, би-күйі, парасат-пайымы, таным-түсінігі жақсы көрсетілген. Қойылым жас ұрпақты отансүйгіштікке баулиды.
Биылғы наурызда ТІКА-ның мұрындық болуымен Астанадағы Юнус Эмре Түрік мәдениет орталығы пьесаны қазақ тілінен түрікшеге аударды. Түркияның мемлекеттік театрлар басқармасы тарапынан қолдау көрсетілді.