Кеңес Рақышев «Қазкоммерцбанк» АҚ акциялары бақылау пакетінің иесі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кеңес Рақышев «Қазкоммерцбанк» АҚ акциялары бақылау пакетінің иесі болады

Кеңес Рақышев «Қазкоммерцбанк» АҚ акциялары бақылау пакетінің иесі болады

Кеңес Рақышев «Қазкоммерцбанк» АҚ акциялары бақылау пакетінің иесі болады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

  • 7 Тамыз 2015
  • 658
Фото - Caravan.kz

«Банктің ірі акционері — Кеңес Рақышев Қазақстан және Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі «Қазкоммерцбанк» АҚ-ға қажетті рұқсаттар мен талаптарды орындағаннан кейін ККБ-да өзіне тиесілі акциялар пакетін «Альнаир» инвестициялық тобымен біріктіретіні туралы алдын ала келісімге қол жеткізілгені туралы хабарлады», — делінген хабарламада.

 Болжанып қойылған мәміленің нәтижесінде ККБ-ның шығарылған және орналастырылған жай акцияларының 28,08 %-ына иелік ететін «Alnair Capital Holding» («Alnair») АҚ бас ұйымы Рақышевтың жеке меншігіне өтетін болады. Болжанып қойылған мәмілеге сәйкес Рақышев «Альнаир» инвестициялық  тобының бас серіктесі әрі ККБ-дағы Альнаирдың акциялары бойынша дауыс беру және басқа да құқықтарына ие болады. 

«Бұл мәмілеге қол қойылған соң Рақышевтің тікелей немесе жанама бақылауында (Alnair арқылы) акционердің дауыс беру және басқа да құқығын сақтайтын ККБ-ның шығарылған және орналастырылған жай акциялары үлесінің жиынтығы 56,75% құрайды», — деп көрсетілген хабарламада. 

Жақын күндері барлық құжаттар Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне қарауға жіберіледі. Кеңес Рақышев және «Альнаир» инвестициялық тобы аталған мәміле тиісті рәсімдер  аяқталғаннан кейін (яғни 2015 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ККБ-ның қаржы есебі жарияланған соң) және монополияға қарсы орган келісімін берген  соң аяқтауды жоспарлап отыр.     

«Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде ККБ-ның басқа да ұстаушыларының акцияларын сатып алу бойынша міндет Рақышевке жүктелмейді және ол болжанып қойылған мәміле аясында оларға тиесілі акцияларды сату жөнінде ұсыныс білдірмейді», — деп атап өтті баспасөз қызметінде.     

 «Мен ККБ-дағы мүддемізді біріктіру туралы «Альнаир» инвестициялық тобымен келісімге келгеніме қуаныштымын. Бұл келісімнің нәтижесінде мен ККБ акцияларының бақылау пакетінің ұстаушысы болдым. Сондай-ақ жақында ғана  БТА мен ККБ арасында сәтті өткен деконсолидация және ККБ-ның басшылығына жаңа буынның келуімен қатар басқа да жағымды өзгерістер Банктің әлемдік санаттағы қаржы ұйымы атануына мүмкіндік бермек. Акционерлік қордың бірігуі Банктің алдағы дамуына оң әсер беріп, Банк басшылығының клиенттердің, қызметкерлердің, акционерлер мен жалпы Қазақстан экономикасының игілігіне жұмыс жасау стратегиясын іс-жүзіне асыруға қолдауды қамтамасыз етеді», — деді Кеңес Рақышев. 

Қазкоммерцбанктің негізін қалаушы және ірі акционері Нұржан Сұбханбердин: «Біз К.Рақышев мырзамен бірге БТА Банкті сатып алу және БТА Банк пен Қазкоммерцбанктің деконсолидациясы сияқты аса күрделі процестер бойынша конструктивті және жемісті жұмысты атқардық. Кеңес Банктің қазіргі басшылығымен жақсы жұмыс жасауда және олардың стратегиясын іс-жүзіне асыру бойынша оның қолдауы Банктің тиімділігіне оң әсер ететініне сенемін. Сондай-ақ мен, жалпы банк жүйесі басынан қиын кезеңді өткергенде Банкке қолдау көрсеткен «Альнаир» тобына алғысымды білдіремін», — деп атап өтті. 


«Біз Рақышев мырзаның Қазкоммерцбанктегі акцияларының үлесі өскенін  қолдаймыз және жақында БТА Банкпен іс-жүзіне асқан мәміледен кейін Банк активінің құрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоспарды іс-жүзіне асыру кезінде көрсеткен қолдауы үшін оған айтар алғысымыз шексіз. Біздің ендігі мақсатымыз — Банктің бұдан әрі дамуы, сондықтан Рақышев мырзаның акциялардың бақылау пакетін шоғырландыруын Банк және оның Директорлар кеңесі мен Басқарма қызметінің әлеуетіне білдірген сенімі деп білеміз», — деді Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Мағжан Әуезов.

  

Соңғы жаңалықтар