Жарияланды: 410

Кеңқияқта жараланған полиция қызметкерінің жағдайы жақсарды

Ақтөбе облысының Кеңқияқ елді мекенінде 8 шілдеде жүргізілген арнайы операция кезінде жараланған полиция сержанты Тұрарбек Ешмағамбетовтың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып, ол палатаға ауыстырылды.

Облыстық жедел медициналық жәрдем ауруханасының (ЖМЖА) бас дәрігері Саубет Келімбердиевтің айтуынша, қазір оның жағдайы бір қалыпқа келді. Бұрын хабарланғандай, Кеңқияқ ауылдық бөлімшесінің автопатруль қызметкері өткен сенбі күні елді мекеннің аулаларын тексеру кезінде жарақат алды. Ауылдағы бір үйге қылмыскерлер жасырынған болып шықты. Атыс кезінде тәртіп сақшысы бас миынан және жұлынынан жарақат алып, 11 шілдеге дейін ЖМЖА-ның жансақтау бөлімінде жатты. Бас дәрігердің айтуынша, Нефтяников көшелеріндегі үйдегі арнайы операция кезінде иығынан жарақат алған ішкі әскерлердің әскери қызметкері Сейтжан Қалжановқа да қажет ем-дом көрсетіліп жатыр. 2 шілдеде Шұбаршы ауылындағы арнайы операция барысында жараланған арнайы жасақ жауынгерлері осы аптаның соңында ауруханадан шығарылады, дейді дәрігер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін