Бюджет шығындарын тексеру барысында ревизиялық комиссия төрағасының қызметтік автокөлікті заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Нормативке сәйкес, қызметтік көлік қалалық мәслихаттың хатшысына ғана қарастырылған.
«Алайда 2008 жылы Toyota Camry маркалы жаңа автокөлігі сатып алынған соң, қалалық мәслихат хатшысының өкімімен бұрынғы көлік — ГАЗ-3110 – ревизиялық комиссияның төрағасына қызметтік пайдалануға берілген», — деп мәлім етті ОҚО прокуратурасының баспасөз хатшысы Шағала Момынханқызы.
Оның айтуынша, 2011 жылға дейінгі бюджеттік өтініштерге осы көлікті ұстау, жүргізушіге жалақы төлеу бойынша шығындар енгізіліп келген.
«Т1,179 млн ақша шығындалды, бұл қаржы қалалық мәслихаттың лауазымды тұлғаларынан мемлекеттің кірісіне өндіріп алынды. Заңсыз өкімнің күші жойылды», — деп хабарлайды баспасөз хатшысы.