Кентау бюджетіне қызметтік көлікті заңсыз пайдаланғаны үшін Т1 млн-нан аса қаржы қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кентау бюджетіне қызметтік көлікті заңсыз пайдаланғаны үшін Т1 млн-нан аса қаржы қайтарылды

Кентау бюджетіне қызметтік көлікті заңсыз пайдаланғаны үшін Т1 млн-нан аса қаржы қайтарылды

Заңсыз бөлінген қызметтік көлікті ұстауға шығындалған Т1 млн-нан аса қаржы Кентау бюджетіне қайтарылды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) прокуратурасы.

  • 24 Маусым 2011
  • 594
Фото - Caravan.kz

Бюджет шығындарын тексеру барысында ревизиялық комиссия төрағасының қызметтік автокөлікті заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Нормативке сәйкес, қызметтік көлік қалалық мәслихаттың хатшысына ғана қарастырылған.

«Алайда 2008 жылы Toyota Camry маркалы жаңа автокөлігі сатып алынған соң, қалалық мәслихат хатшысының өкімімен бұрынғы көлік — ГАЗ-3110 – ревизиялық комиссияның төрағасына қызметтік пайдалануға берілген», — деп мәлім етті ОҚО прокуратурасының баспасөз хатшысы Шағала Момынханқызы.

Оның айтуынша, 2011 жылға дейінгі бюджеттік өтініштерге осы көлікті ұстау, жүргізушіге жалақы төлеу бойынша шығындар енгізіліп келген.

«Т1,179 млн ақша шығындалды, бұл қаржы қалалық мәслихаттың лауазымды тұлғаларынан мемлекеттің кірісіне өндіріп алынды. Заңсыз өкімнің күші жойылды», — деп хабарлайды баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар