Бұл туралы KO4A TV Youtube арнасы хабарлайды.
Видео авторы Кеосаяндар отбасының депортация кезінде Ақмола облысына жіберілгенін айтып, ресейлік журналистің ата-анасы мен әжесінің суретін көрсетті. «Соғыстан кейін елімізге жер аударылған көптеген адамдарға Қазақстан көмектесті. Енді мен сізге мына фотоны көрсеткім келеді. Сіз бұл фотодағы кім екенін білесіз бе? Ол кезде бізбен бірге Ақмола облысының Васнецово ауылында әжең, әкең, ағаң тұратын. Олар біздің облысқа жіберілді. Сіз ата-әжелеріңіздің қай жерде өскенін есте сақтауыңыз керек. Сіз біздің Қазақстан туралы қаншама жаман сөздер айттыңыз. Ата-баба тағдырын білмей, эфирде дөрекілік танытып жүргендерің өкінішті», – дейді видео авторы.
«Менің ойымша, сіз бәрін білесіз. Сіздің отбасыңыз Васнецово ауылында тұратын отбасымен дос болды. Әжеңді екі ұлымен осында жіберген. Сол бір қиын-қыстау кезеңде қоныс аударушыларға қазақтардың біразы көмектесті. Біздің қазақтар шешен, ингуш, корей және басқа халықтарға көмектесті, оларды ажалдан аман алып қалды. Қазір көптеген адамдар Қазақстанда бізбен бірге тұрып жатыр және Қазақстанды екінші отаны санайды», — деп түйіндеді ол.