Кепілдік берілген салымдар көлемінің ұлғайтылуы азаматтардың салымдарды түрлі банктерге таратуына алып келеді - Қаржылық бақылау агенттігі
Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігіндегілердің пайымдауынша, кепілдік берілген салымдар көлемінің ұлғайтылуы азаматтардың салымдарды түрлі банктерге таратуына алып келеді. Агенттік төрағасының орынбасары Мұрат Байсынов бүгін журналистерге берген сұхбатында осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Банктерден 5 млн теңгеден артық капиталды алып кету оқиғасы болмайтын шығар, халық керісінше, өз тәуекелдеріне хедж жасап, 5 млн теңгеге дейінгі сомаларды банктерге таратуы мүмкін, ондай жағдайда қандайбір банкті таратуға тура келсе, салымшылар кепілдік берілген салымдарын толық көлемде алады", - деді М. Байсынов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін