Кепілдік берілген салымдар көлемінің ұлғайтылуы азаматтардың салымдарды түрлі банктерге таратуына алып келеді - Қаржылық бақылау агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кепілдік берілген салымдар көлемінің ұлғайтылуы азаматтардың салымдарды түрлі банктерге таратуына алып келеді - Қаржылық бақылау агенттігі

Кепілдік берілген салымдар көлемінің ұлғайтылуы азаматтардың салымдарды түрлі банктерге таратуына алып келеді - Қаржылық бақылау агенттігі

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігіндегілердің пайымдауынша, кепілдік берілген салымдар көлемінің ұлғайтылуы азаматтардың салымдарды түрлі банктерге таратуына алып келеді. Агенттік төрағасының орынбасары Мұрат Байсынов бүгін журналистерге берген сұхбатында осылай деді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Қазан 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Банктерден 5 млн теңгеден артық капиталды алып кету оқиғасы болмайтын шығар, халық керісінше, өз тәуекелдеріне хедж жасап, 5 млн теңгеге дейінгі сомаларды банктерге таратуы мүмкін, ондай жағдайда қандайбір банкті таратуға тура келсе, салымшылар кепілдік берілген салымдарын толық көлемде алады», — деді М. Байсынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті