"Банктерден 5 млн теңгеден артық капиталды алып кету оқиғасы болмайтын шығар, халық керісінше, өз тәуекелдеріне хедж жасап, 5 млн теңгеге дейінгі сомаларды банктерге таратуы мүмкін, ондай жағдайда қандайбір банкті таратуға тура келген жағдайда салымшылар кепілдік берілген салымдарын толық көлемде алады", - деді М. Байсынов.
Ол сонымен бірге аталған кепілдік көлемі салымшының қандай резидент екендігіне қарамастан, Қазақстан банктеріндегі барлық салымдарға таралады леп мәлімдеді. "Бірақ бұл сомаға сыйақы ставкалары енгізілмейді, 5 млн - тек негізгі салымның көлемі", - деді М. Байсынов.
М. Байсыновтың айтуынша, "бұл - қалай дегенмен де уақытша әрі төтенше шара. Ол күшіне енген сәттен бастап үш жыл бойы жұмыс істейді. Егер банктер дәл осы мерзімде жойылатын болса, олардың салымшылары 5 млн теңгеге дейін қаржысын алады", - деді ол. Ал 5 млн теңгеден асқан көлемін банк мәжбүрлі жойылған жағдайда Қазақстан заңнамасына сәйкес, жойылу процедуралары барысында жойылу сомасынан кезекпен алады".