Кереку ақын-жазушыларының жинақтары Астанада таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кереку ақын-жазушыларының жинақтары Астанада таныстырылды

Кереку ақын-жазушыларының жинақтары Астанада таныстырылды

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында павлодарлық қаламгерлердің жаңа шыққан кітаптарының тұсаукесері өтті.

  • 14 Маусым 2012
  • 626
Фото - Caravan.kz

«Ертіс-Баян кітапханасы» сериясы бойынша жарияланған әдеби еңбектер «Фолиант» баспасынан жарық көріп отыр. Астана жұртшылығы киелі Ертіс өңірінің Ақын Алақан, Арман Қани, Сүлеймен Баязитов және Виктор Семерьянов сынды маңдайалды ақын-жазушыларының туындыларымен таныса алады. Сонымен қатар жас қаламгерлер жырларынан құралған «Тәуелсіздік тұғыры» жинағына 2011 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық жас қаламгерлер фестиваліне қатысушылардың жырлары енді. Бұл төрт қаламгер де Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері.

Бұл шараның өтуіне Павлодар облысының мәдениет басқармасы қолдау көрсеткен.

«Баян өлкесінде Иса Байзақов сынды біздің ұлы бабамыз өмір сүрген. Аса жүйрік ақын. Мен дастанды мұндай дамытқан адамдарды, ақындарды білмеймін. Кейін Исадан кейін дастаннан айырылып қаламыз ба деп уайымдап жүр едік, қазақ ақындарынан Несіпбек Айтұлы шығып, осы дастан жанрын дамытып жатыр. Бұл өңірде Естай өтті. Қазақта мұндай адамдармен мақтануға болады. Осы дәстүр жалғаса беру керек. Қазір космос заманы дейміз, бәрібір кітапт ештеңе алмастыра алмайды. Кітап — адаммен мәңгі бірге жасайды», — дейді көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Перейти к новостям спорта