Бұл туралы ол "Халық үні" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Білуімше, Кереку де орыстың Керяковка деген сөзінен шыққан. Егер атын өзгертетін мәселе туындайтын болса, Павлодар өңірінің тарихын зерттеп, зерделеп нақты бір таңдау жасау керек. Бірінші кезекте тарихи тұрғыда әділетті болу керек. Екінші кезеңде белгілі бір өңірдің атын өзгерту жергілікті тұрғындардың мүддесі болу керек. Біз демократиялық централизмге бағынамыз. Осы ретте көпшіілк дауыс қолдайтын болса, әрине мен де қолдаймын", — дейді депутат.