Кереку өңірінде 5 жасар бүлдіршіннен бастап 75 жастағы имамға дейін балық аулаудан жарысты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кереку өңірінде 5 жасар бүлдіршіннен бастап 75 жастағы имамға дейін балық аулаудан жарысты

Кереку өңірінде 5 жасар бүлдіршіннен бастап 75 жастағы имамға дейін балық аулаудан жарысты

Павлодар облысының Лебяжі ауданында биыл бесінші жыл қатарынан мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлер, жастар арасында балықшылар байқауы өтті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің бас маманы Надир Оспановтың айтуынша, жақын орналасқан ауылдық аймақтар мен Павлодар, Успен аудандарынан әрқайсысы үш адамнан 12 команда мен жеке азаматтар сынға түскен.

  • 9 Наурыз 2017
  • 315
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

— Ең жасы үлкен қатысушы 800 грамм балық аулаған Жаңатан ауылы мештінің имамы 75 жастағы Аскен Дүйсекеев болса, ең кішкентай қатысушы бес жастағы Черное ауылынан келген Аиша Тұрғанбек үш балық ұстаған. Үшінші жыл қатарынан қатысып жүрген ақсақалға үш мың теңге ұсынылса, кішкентай қызға ескерткіш сыйлық берілді. Жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алған Черное № 2 (үш келі 400 грамм) командасына алты мың теңге, екінші орынды иеленген (үш келі 350 грамм) Аққу № 1 командасына бес мың теңге және үшінші орынды еншілеген (үш келі 300 грамм) Жаңатаң № 2 командасына төрт мың теңге ұсынылды, — дейді Надир Оспанов.