Кешеден бастап Қырғызстанда жанармай бағасы арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кешеден бастап Қырғызстанда жанармай бағасы арзандады

Кешеден бастап Қырғызстанда жанармай бағасы арзандады

Бішкек. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Кешеден бастап Қырғызстанда жанармай бағасы арзандады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Газпром нефть Азия" ЖШҚ (жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық) сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 431
Фото - Caravan.kz

ЖШҚ баспасөз қызметі хабарландырғандай, бұған мұнай өнімдерінің бағасының кезең-кезеңімен арзандауы себеп болған.

«Шикі мұнайдың салыстырмалы түрде төмен бағасы жанармай бағасының арзандауына алғышарт болды. бұл мұнай өңдеу зауыттарындағы бағаның арзандауына әкеліп, мұнай саудалаушыларға жанар-жағармай бағаларының бөлшектік бағасын төмендетуге мүмкіндік берді. Және осы мүмкіндікпен күзгі жиым-терім науқаны кезінде «Газпром нефть Азия» пайдаланып қалды», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Компанияның жанармай құю бекеттеріндегі бөлшек баға жанармай тобына да, дизельдік отын тобына да арзандатылады. Соңғысы жергілікті ауыл шаруашылық өндірушілеріне жақсы көмек болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар