Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Ол өзінің инстаграм əлеуметтік желісінде мынандай жазба жариялады:
"Бауырдан да, достықтан да, сыйластықтан да ақшаны жоғары қоятын қатыгез адам екенін сезе тұра, ешкімді тыңдамай үнемі қамқор болып, қорғап, қолдап, жарнамалап жүрген адамыңды табысы көбейіп, саған тәуелсіз болған кезде шын бейнесін көру қорқынышты. Кешірімдімін,кешіремін ғой.
Бірақ… Ол жақын адамың болса тіпті жаның ауырады. Дәл менің жанымды ауыртқандай мен білмейтін қанша адамның жанын ауыртты екен бұл пенде?! Бүгінгі көңіл күйім осындай. Дәл мендей күй кешкендер бар ма? Тез ұмыттыратын бірдеңе жазыңыздаршы"
Бұл жазбасы көпшілікті ойландырып қойды.
Желі қолданушылары:
"Ондай адамдар көп қой қазіргі заманда","Ақша үшін туғаг бауырлар ажырасып кетіп жатыр ғой", "Сізде опасыздық көрдіңізбе, менде де сол көңіл-күй болып жатыр","Ештеңе етпейді өмір ғой","Сол адам сіздің өміріңізден ерте кеткеніне қайта қуаныңыз" — деп жазба қалдырды.