«KeshYou» тобының экс-әншісі таяуда ақ келін атанады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KeshYou» тобының экс-әншісі таяуда ақ келін атанады

«KeshYou» тобының экс-әншісі таяуда ақ келін атанады

Әнші Балжан Бидаш тойының уақытын белгіледі.

  • 26 Ақпан 2020
  • 111
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы shownews.kz -ке сілтеме жасап хабарлады.

Балжан Бидаш таяуда ақ босаға аттамақ. Естеріңізде болса, өткен жылы әншіге сүйіктісі сахнада сақина салып, ұсыныс жасаған еді. Бұл қуанышты сәтке көпшілік те куә болған. Араға уақыт салмай ару қайын-жұртымен танысып, болашақ енесімен жылы қарым-қатынас орнатып үлгеріпті.

«Өте керемет жандар. Аллаға шүкір. Көңілім  толық. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ», – дейді Балжан Бидаш.

Бүгінде Балжанның өмірі де, күнделікті кестесі де өзгерген. Қазір бикеш келіндік өмірге қамданып жүр. Жұлдызды қалыңдық әлеуметтік желіде бұрынғыдай әнші-бишілерді емес, табысты әйелдер  мен көп балалы аналардың парақшаларын оқуға әуес.

«Жас аналарға, әдемі жанұя,  дене бітімі келісімді, табысты, үш-төрт баласы бар әйелдерге жазылып, оқып жүрмін», – дейді Балжан Бидаш.

Бұрымдының бұл ісі көңіл қуантарлық. Алайда тағам дайындау  Бидаштың бас қатырар мәселесі болса керек, әнші асхананы болашақ жарына табыстамақ.

«Менің жолдасым күйеуге тиген соң арнайы курстарға барасың деп айтты. Бірақ бізде айтарлықтай қиындық жоқ. Өйткені менің жігітім өзі де өте жақсы дайындай алады. Стейктар пісіреді. Мейрамхананың тамақтарын да керемет әзірлейді. Енемді де көрдім. Ол кісі де тағамды өте дәмді жасайды. Жинақы, жақсы адам», – дейді әнші.

Иә, жұлдызды қалыңдықтың жар таңдауда жолы болған сыңайлы.  Ол ас әзірлеу ісінің шебері әрі Балжанның шығармашылықпен айналысуын өзі қадағалап, әркез қолдау білдіретін көрінеді.


«Ол мен үйде ерініп жатсам, хабарласып: «тұр, дайындыққа бар, вокалыңды шыңда, биіңді  ұмытпа» деп мені сүйрелейді. Сол жағы қуантады», – дейді өнер иесі.

Бидаш ас үйі мен шығармашылығына аса алаңдамаса да, бикештің бар ойы – бал айында. Бүгінде сылқым сүйіктісіне арман-тілегін айтып, алдын-ала құлағдар етуде.

«Мен балайына Мальдивы, Доминикано сияқты елдерге барғым келеді деп, ыммен түсіндіріп жатырмын», – дейді бикеш.

Қос ғашықтың тойы жазға жоспарланған. Бірақ Балжан үшін құрбыларының басын қосып, алдымен қызойнағын естен кетпестей өткізу маңызды.

«Henparty болады. Стилін әлі ойластырып жатырмыз. Ерекше болғанын қалаймын, әрине. Жазға дейін әлі уақыт бар. Бірақ тойымыздың күнін белгілеген жоқпыз. Қазір қызу дайындық үстіндеміз. Бір айдан кейін екі жақ кездеседі. Сол кезде шешіледі», – дейді Балжан.