"КешYOU" тобының жаңа құрамындағы қыздар туралы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"КешYOU" тобының жаңа құрамындағы қыздар туралы не білеміз?

"КешYOU" тобының жаңа құрамындағы қыздар туралы не білеміз?

Алдыңғы күні "КешYOU-дың" құрамы өзгергенін, тіпті оның триодан квартетке айналғанын ақпарат құралдары жарыса жазды. Продюсер Баян Мақсатқызы (Есентаева) топты осылай жаңартуды ұйғарыпты. 

  • 9 Ақпан 2017
  • 8788
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталының редакциясы осы жаңа құрамдағы қыздар туралы мәліметтерді ашық дереккөздерден іздеп көрді.

Балжан Бидаш

Балжан биыл 22 жасқа келеді. Қызылорда облысының Келінтөбе ауылында туылған. Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін бітірді. Отбасында үш бала. Бақыт және Бексұлтан есімді ағалары бар. "КешYOU" тобына алғаш келгенде (2015 жылдың ақпаны), оны Баян Мақсатқызы: "Шығармашылық жанұяда туған. Сыр елінің талантты тумасы. Болашағы жарқын, мақсаты айқын" деп таныстырған болатын. Айта кету керек, Балжанға әке-шешесі "КешYOU" тобына кіргені үшін автокөлік алып берген.

Элизат Берікова

Элизат биыл 23 жасқа келеді. Ол 2015 жылдың қыркүйегінде Baistars.kz порталына берген сұхбатында: "Төрт жасымнан ән айта бастадым. Шашты бұйралайтын плойканы микрофон жасап, айнаның алдында ән шырқағанды жақсы көретінмін. Міне, содан бері өнер саласында жүрмін. А.Жұбанов атындағы музыкалық мектепте білім алдым. Ал қазір П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студентімін" депті. Элизат "КешYOU-ға" "Лашын" тобынан келді.

Сара Амангелді

Сара биыл 21 жасқа келеді. "ВКонтакте" желісіндегі аккаунтында қаласын "Ақтау" деп жазыпты. Өткен жылдың аяғына қарай оған қатысты қызық видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Онда Сара жақында болған бір оқиғаны баяндайды. Оның көлігі қарға батып, жүре алмай қалыпты. Сонда әнші өзіне жақын жердегі бейтаныс жігіттің көмектеспей тұра бергеніне ренжіген. "Жігіттер, көмектесіп жүріңіздер маған. Бүгін көлікпен қарға батып кетіппін. Бетіме қарап тұр бір жігіт, жыным келіп кетті сол кезде. Ашуланып, ренжіп қалдым жігіттерге. Әдемі қыз отыр, мысалы. Мэйкабым бар, шашым бар. Қарап, кішкене енді көру керек қой. Болып тұрады ондай-ондай" дейді ол видеода. Сара да "КешYOU-ға" "Лашын" тобынан келді.

Назым Әбілдина

Картинки по запросу назым әбілдина

Назым — жаңа құрамдағы "КешYOU-дың" ең жас әншісі. Ол 18 жаста. Бұрын "Айгөлек" бағдарламасын жүргізген. Осы уақытқа дейін "Лүпіл" тобының әншісі болды. Баян Мақсатқызы алдыңғы күні КешYOU-дың жаңа құрамын таныстырғанда: "Әнді одан да жақсы айтқан басқа қыздар (кастингте – ред.) болды. Бірақ Назым бір шұғыла шашып тұрады екен. Тартымдылығы бар. Барлық үміткерлердің арасында тұрып жымиғанда, тек сол ғана көрініп тұрды. Одан көз алмай қарап отырдым. Мұның үстіне ол бала кезінен сахнада жүр. Әлі жас екеніне қарамастан, камера, көрермен алдында еш саспайды" деген еді.

Айта кетейік, соңғы кездері "КешYOU-дан" Ақбота Сейтмағамбет пен Жұлдыз Өмірғали кеткен болатын. Аталған топтың "ВКонтактедегі" парақшасында олардың кету себебі туралы былай деп жазылған:    

Ақбота 2016 жылдың 31 желтоқсанында топтан кетті.
СЕБЕП: Ол жазда тұрмысқа шығады.
Ақботаның орнына қаңтар айында топқа Элизат келді.

Жұлдыз 2017 жылдың қаңтар айында топтан кетті.
СЕБЕП: 2014 жылдан бері өзін өте жақсы көрсете алмағаны үшін оны Баян Мақсатқызы топтан алып тастады.