Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұрынғы КешYou солистерінің басынан өткен тағдыр әріптестерінің арасында да әжуаға айналғандай. Күні кеше Айдарқұлов пен Төлепбергеннің отбасын көрген Асхат Тарғын "кезінде маған да КешYou-дің қызы бұйырмады" деп айды аспанға бір-ақ шығарды.
Өнер иесінің қалжың сөзін көпшілік дұрыс түсінбей, желіде қызу талқыға салды.
Ақбота-Нұр жариялаған мына фотоға Асхат Тарғын:
"Дәурен мен Айқын соқты негізі. Біз бойдақ кезде КешYou-дің бір қызы бұйырмады-ау, әзіл", — деп пікір қалдырған.
Мұны көрген желі қолданушылары осыдан 2 жыл бұрын ғана өрімдей жас қызды жар еткен Тарғынды сынға алды.
"Әйеліңіз естімесін", — дейді оқырмандардың бірі.
"Ойнап айтсаңыз да, үлкен басыңызбен бұлай қалжыңдайсыз. Періште қабыл етсе, 99 пәле тілден болды деп қалмаңыз. Тым болмағанда Ақботаның көңіліне қарап аңдап айтсаңыз болар еді. Бұл тағдыр болды, өзіңізге де жас қыз бұйырды, басқасын қайтесіз", — деп жазды тағы бір желі қолданушысы.
Елдің сөзі шамына тисе керек, Ақбота-Нұр біраз уақыттан кейін желідегі барлық пікірлерді өшіріп тастады.