«Кешьюлік» әншінің оқуынан шығып кетуі мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кешьюлік» әншінің оқуынан шығып кетуі мүмкін бе?

«Кешьюлік» әншінің оқуынан шығып кетуі мүмкін бе?

«ЭЩКЕРЕ» деп ән салған Кешьюдің соңғы клипі де, қазнетте қызу талқыға түсіп жатыр. Бірақ, Баян басқаратын қыздар шығармашылыққа белсене кіріскенімен, сабаққа келгенде әнші қыздарымыздың уақыттары болмай салғырттық танытып жүрсе керек.

  • 1 Наурыз 2018
  • 356
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы топ әншісі Назым Әбілдина ұстаздарынан жақсылап ұрыс естігенін НТК арнасындағы "РЕВЮ" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

Назым Алматыдағы музыкалық колледждің 4-ші курс студенті «Эстрада вокал» мамандығы бойынша білім алып жатқан бойжеткеннің, «Кешьюге» келгелі оқу үлгерімі тым нашарлап кеткен.

 Назым Әбілдина, «KeshYOU» тобының әншісі:

— Апайлардың барлығы ұрысып жатыр. «Назым, масқара! Сен бірінші, екінші курста жақсы оқып едің. Бірде-бір сабақтан қалмай, 4 пен 5-ке оқып едің. Не болды саған? «Кешьюге» кіріп, не болып кетті?» — деп.

Бүгінде Назымға төнген қауіп, кеше «Кешьюдің» өзге мүшелерінің де басынан өткен. Кезінде Балжан мен Элизат та,  шикілігі көп шәкірттердің тізімінде болғандарын енді мойындап отыр. 

Балжан Бидаш, «KeshYOU» тобының әншісі:

— «Кешьюге» кірейін, кірмейін менің деген сабаққа уақытым болмайтын. Сол кездің өзінде конкурс, концерт бірдемеде жүретінмін шынымды айтсам. Мұғалімдердің барлығы түсіністікпен қарады. Емтихан кезінде барлығын әйтеуір үйтіп-бүйтіп жабатын едік…

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының әншісі:

— Колледжге кірген кезде өзімді «отчислениеде» әрбір жарты сайын тізімде бірінші тұратын фамилиям. Осындай-осындай «отчислениеге» кетеді деп. Содан кейін диспечерскийге барып, сүмірейіп апайлардың алдына барып: «Апай енді қойып беріңізші» — дегенде ұрса беретін енді. «Ұялсашы енді жарты сайын» — деп.

Топтың тығыз кестесіне орай, сабаққа салғырт қараған әнші қыздар тығырықтан қалай шықты?!

Элизат Берікова, «KeshYOU» тобының әншісі:

— Сол кезде айтатын едім: «Апай мен жұмыс істеп жүрмін, нан тауып жүрмін. Бекер жүрген жоқпын» — деп. 

Назым Әбілдина, «KeshYOU» тобының әншісі:

— Апай енді осылай болып қалды, уақытым жоқ. Жұмыс істеп жатырмын. Ақша тауып жатырмын. Жаңағы сабағыма өзім төлеп жатырмын деп айтып қоямын арасында.