"Кет. Сенің ешқандай актерлық қабілетің жоқ": Мәлік Әбдіраманов "Бауыржан шоу" театрынан қуылғаны туралы шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кет. Сенің ешқандай актерлық қабілетің жоқ":  Мәлік Әбдіраманов "Бауыржан шоу" театрынан қуылғаны туралы шындықты жайып салды

"Кет. Сенің ешқандай актерлық қабілетің жоқ": Мәлік Әбдіраманов "Бауыржан шоу" театрынан қуылғаны туралы шындықты жайып салды

Кино және театр актері Мәлік Әбдіраманов "Бауыржан шоу" театрынан қуылғанына еш өкінбейтінін айтты. 

  • 30 Маусым 2023
  • 1506
Фото - Caravan.kz

Актер "Базар Like" бағдарламасына берген сұхбатында ұжым мүшелері дауысқа салып оны жұмыстан шығарып жібергенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Несін жасырамын, Құдайдан жасырмағанды адамнан жасыра алмайсың. Қызылорда қаласында Қыз Жібек деген ночной клубтан шығып Салтанат деген гостиницаға барғанда барлығы жиналып, мені жұмыстан шығарып жіберді. Сен көптің бірісің, еттің кірісің, сенің ешқандай актерлық қабілетің жоқ, кет деді. Егер кетпеймін десең админостраторлық жұмысты атқар деді. Сол нәрсе маған себеп болды. Егер сол нәрсе болмағанда мен бір деңгейдегі, қатардағы актер болып жүре беретін едім. Маған сол оқиға қамшы болды. Мен сол кезде оларға ренжідім, ызаландым. Қазір мен оларға, сөздеріне ризамын деп айтамын. Жұма намазға барғанда да, ойға кеткенде де Алладан соларға жақсылық сұраймын. Әр жаман істің артында бір жақсылық бар дегенге көзімді жеткізді", — дейді ол. 


Сондай-ақ,  ол сол оқиғадан кейін Алматыға жеткенше көз жасын тоқтата алмағанын да айтты. 

"Қызылордадан пойызға отырдым, Алматыға келгенше көзімдегі жасым кеппеді. Келе салысымен Ғабит Мүсірепов атындағы жастар театрына келіп жұмысқа орналастым. Майғазиев жұмысқа шығып жатыр екен. Классикалық "Қыз Жібек" спектаклінде  Майғазиевтің орнына Сансызбайды ойнап шықтым", — дейді  Мәлік Әбдіраманов