Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист өз ойын «Dope soz» подкастында айтты.
«Қазіргі жастарға айтарым, кетіңдер дер едім, қабылеті барларға…Өйткені Қазақстан жуық арада оңалмайды. Мынау патриотизм, ұлтшылдық деген идеялардың барлығы тобырға манипуляция жасау үшін ойлап табылған нәрселер ғой. Баланы көп табу керек, санымыз көп болу керек деген. Олардың барлығы феодалдық дәуірде қалған нәрселер.
Өйткені, феодал басшыларына бала не үшін керек? Әскер жасақтау үшін керек. Патриотизм деген адамдар патша бастаған соғысқа барып, тегін өле салу үшін», — деді ол.