"Кез келген қайратты еркектің артында ақылды қатын тұрады": Санжар Керімбай қиын кезде өзін тастап кетпеген әйелін мақтап, елдің алдында алғыс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 503.61
  • 524.96
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кез келген қайратты еркектің артында ақылды қатын тұрады": Санжар Керімбай қиын кезде өзін тастап кетпеген әйелін мақтап, елдің алдында алғыс айтты

"Кез келген қайратты еркектің артында ақылды қатын тұрады": Санжар Керімбай қиын кезде өзін тастап кетпеген әйелін мақтап, елдің алдында алғыс айтты

Белгілі пәлсапашы, психолог Санжар Керімбай өзінің жетістікке жетуінің құпиясын ашып, әйеліне қарыздар екенін мойындады.

  • 30 Қаңтар
  • 46
Instagram/Жанар Байсеміз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Кез келген қайратты еркектің артында ақылды қатын тұрады деген тәмсіл өзгермейді. Менің сіздің студияңызда маңдайым жарқырап, емін-еркін сөйлеп отырғаным артымыздағы бибіміздің рухани мықтылығында ғана болып жатыр бұл нәрсе…

Сондықтан біз бұл майданға шыққан кезде неше түрлі қиындықтарды көргенбіз, көшу-қону, бітпейтін бір пәтерден бір пәтерге, кеше тағы көштік мысалы…Анда-санда жүйкесі сыр беріп, әйел ретінде еркелігісі келгенде бергі жағы шаршадым деп айтады, арғы жағында осындай өмір берген Құдайға мың да бір шүкір деп, шүкіршілігін айтып отырған адам ғой.

Сондықтан анда-санда шаршаған болып, өтірік ұрыс шығарып түр көрсетеді, бірақ ол бер жағы», — деді ол.