Кез келген нәрсе орнына келеді, қираған дүние де - Мөлдір Мұқан бұрынғы күйеуі мен оның ашынасы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кез келген нәрсе орнына келеді, қираған дүние де - Мөлдір Мұқан бұрынғы күйеуі мен оның ашынасы туралы

Кез келген нәрсе орнына келеді, қираған дүние де - Мөлдір Мұқан бұрынғы күйеуі мен оның ашынасы туралы

Қоғамда қызу талқыға түскен Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың арасындағы дауы әлі де таусылар емес.

  • 12 Қараша
  • 44
Caravan.kz

Мөлдір Мұқанова желіде бұрынғы күйеуі туралы тағы да күтпеген мәлімдеме жасап, елді алаңдатып қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Кез келген нәрсе орнына келеді. Қираған дүние де! Бастапқыдай болмаса да, әйтеуір шала-жансар қалпын ұстайды. 

Өмір тек өкініштерден тұрмайды. Әр мұңның артында қуаныш бар! Міндетті түрде!

Кешегі күйік бүгін төзімге айналды. Кешегі көз жас бүгін даналық! Сондықтан, күліп-ойнап өмір сүре берейік! 

Соңғы жарты айда “тағдырлас” отбасылардың көптігін көріп, таң қалып жатырмын. Өмірде ештеңеге таң қалуға болмайды, бірақ. 

Отбасы деген шағын мемлекетті сақтауға МЕНІҢ ТАРИХЫМ әсер етсе екен деймін! Балалар жыламасын, махаббат құламасын! Ер адамдар менің желіде ашық көрінген сезімдерімді, оқиғамды көріп, үйдегі асыл жарларының күйін түсінсе екен. 

Әйелге тым көп жауапкершілік іліп қойған қоғам өзгерсе екен. Отбасын бұзуға дейін баратын әрекетке ар-ұят тосқауыл болса екен. Жанұя деген асыл ұғымның алдында жауапкершілікті әр отбасы мүшесі сезінсе екен!

Мөлдір махаббатпен, Мөлдір!», — деп жазды ол.

Перейти к новостям спорта