"Кездесіп жүрміз. Бөпеден үмітім бар": Ерке Есмахан AZ-мен арасындағы сұрақтың жауабын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кездесіп жүрміз. Бөпеден үмітім бар": Ерке Есмахан AZ-мен арасындағы сұрақтың жауабын айтты

"Кездесіп жүрміз. Бөпеден үмітім бар": Ерке Есмахан AZ-мен арасындағы сұрақтың жауабын айтты

Елінің сүйікті әншісіне айналған Ерке Есмахан көпті толғандырған сұраққа шынайы жауап берді. 

  • 14 Маусым 2021
  • 795
Фото - Caravan.kz
 
Бұл туралы   Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 
 
Ерке Есмахан инстаграмдағы сториз бөлімінде үнемі оқырмандарының сұрағына жауап беріп отырады. Әнші бұл жолы көпті толғандырған сұрақтарға нақты жауап берді. 
Оқырмандардың бірі "аяғыңыз ауыр ма?" деп сауал қойған. Әнші: Аяғым ауыр емес! Арамызда неке жоқ! Заңды түрде үйленген жоқпыз! Бірге тұрмаймыз! Тек бір-бірімізді танып, біліп кездесіп жүрміз! Әрі қарай бұл сезімнен қандай шешім болады, оны Алла біледі! Бәрі уақыттың еншісінде!", деп оқырманына нақты жауап жазды. Дәрумен ішіп жүрегенін, бөпелі болудан үмітті екенін де жасырмай жазды. 
 
 
 
 
Соңғы жаңалықтар