Кезектен тыс аттестаттаудан кеденшілердің 18 пайызы өте алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кезектен тыс аттестаттаудан кеденшілердің 18 пайызы өте алмады

Кезектен тыс аттестаттаудан кеденшілердің 18 пайызы өте алмады

Кезектен тыс аттестаттаудан кеденшілердің 18 пайызы өте алмады.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 209
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев айтты.

Оның атап өтуінше, аттестаттаудан кеден органдарының 878 қызметкері өтті. Атап айтқанда, жоғары аттестаттаудан комитеттің басқарушы құрамының 40 қызметкері өтіп, оның 28-і атқарып отырған лауазымдарына сәйкес деп танылса, 5-еуінің лауазымдары төмендетілді. Сонымен қатар 2-еуіне басқа қызметке ауысу ұсынылып, 5-еуі жұмыстан босатылды.

«Нәтижесінде жоғары аттестаттау комиссиясынан кеден органдары қызметкерлерінің 30 пайызы өтпей қалды», — деді ол.

Ал Орталық аттестаттаудан комитеттің құқық қорғау блогының 221 қызметкері өтуі тиіс еді. Алайда, 6 қызметкер аттестаттаудан өтуден өз еріктерімен бас тартып, кеден органдарынан жұмыстан кетті. Қорытындысында, 15 қызметкер лауазымдарына сәйкес деп танылып, кадр резервіне алынды әрі жоғары лауазымға ұсынылды. Сондай-ақ 144-і лауазымдарына сәйкес болса, 8-і лауазымынан төмендетілді. 23-іне басқа қызметке ауысу ұсынылып, 15-і жұмыстан босатылды. «Нәтижесінде Орталық аттестаттау комиссиясынан кеден органдарының 22 пайызы өтпеді», — деді М.Есенбаев.

Өңірлік аттестаттау комиссиясынан өтуі тиіс 640 қызметкердің 7-еуі өз еріктерімен жұмыстан кетті. 60 қызметкер лауазымдарына сәйкес деп танылып, кадр резервіне алынды әрі жоғары лауазымға ұсынылды. 470-і лауазымдарына сәйкес болса, 26-сы лауазымынан төмендетілді. 37-іне басқа қызметке ауысу ұсынылып, 40-ы жұмыстан босатылды.

«Қорытындысында, кеден органдарында кезектен тыс аттестаттаудан 878 қызметкер өтті. Оның 717-сі — аттестатталды. 161 қызметкер аттестаттаудан өтпеді, оның ішінде 60 қызметкер жұмыстан босатылды», — деді комитет төрағасы.