Жарияланды: 300

Кезекті жылыту маусымына дайындық жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанынан 2011-2012 жылғы жылыту маусымына дайындық жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Штабқа мемлекеттік органдар, KEGOC ұлттық компаниясы, «Қазақстан темір жол», «Самұрық-Энерго» компанияларының өкілдері кіреді. Штаб алдағы жылыту маусымында қиындықтар туындауы мүмкін деген аймақтарды анықтады. Олардың қатарында Шығыс қазақстан облысының Семей, Курчатов қалалары, Қарағанды облысының Теміртау, Жезқазған қалалары, Ақмола облысының Көкшетау, Степногорск қалалары, Алматы облысының Қапшағай қаласы, Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласы бар. Қазір Ақмола облысының электр станцияларында бірқатар проблемалар бары анықталды. Штаб осы олқылықтарды жою жөнінде ұсыныс жасады, делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін