Кез-келген кәсіби маманның кетуі - билік үшін үлкен шығын - "Отан" партиясы төрағасының орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кез-келген кәсіби маманның кетуі - билік үшін үлкен шығын - "Отан" партиясы төрағасының орынбасары

Кез-келген кәсіби маманның кетуі - билік үшін үлкен шығын - "Отан" партиясы төрағасының орынбасары

Кез-келген кәсіби маманның қызметтен кетуі - билік үшін үлкен шығын. Ал еліміз кәсіби мамандарға онсыз да қарық болып отырған жоқ. Бүгін, 19-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында журналистердің Григорий Марченко мен Ораз Жандосовтың қызметтен кетуіне байланысты сауалдарына жауап берген "Отан" партиясы төрағасының орынбасары Александр Павлов осындай пікір білдірді.

  • 19 Қазан 2004
  • 410
Фото - Caravan.kz

А.Павловтың пікірінше, «өзінің жаны мен мүддесіне лайықты қызмет саласы мен лауазымды әркім өзі таңдайды».

«Мен де ұзақ уақыт бойы билікпен қоян-қолтық жұмыс істедім, олармен ынтымақтаса еңбек еттім, бірақ, қазір өздеріңіз көріп отырғандай, билікте емеспін. Бұл табиғи даму құбылысы»,- деді «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
«Мұндай жағдайды тым әсірелеуге болмайды. Меніңше, бідің қай-қайсымыз да ертелі-кеш сол билікке қайтадан оралу мүмкіндігімізге шек келтіруге болмайды»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта