Кітапты тарихшылар, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушылары Сайлау және Дәметкен Сүлейменовтер құрастырды. «Аққу махаббатқа» Хамза Есенжанов туралы естеліктер мен өлеңдер топтастырылса, «Биікке самғайтын құста» Тайыр Жароков туралы сыр шертіледі. Қос жинаққа Серік Біләлов, Нұрлыбек Бірманов сынды азаматтар демеушілік еткен.
Кітап авторларының бірі Сайлау Сүлейменовтің айтуынша, биыл өңірде аталған тұлғалардың 105 жылдығына орай бірқатар шаралар ұйымдастырылмақшы. Дегенмен, оларды мәңгі есте қалдыру бағытында әлі де еңбектену қажет. Мәселен, Орал қаласында Х. Есенжанов атындағы көше қып-қысқа. Сондықтан оның есімін жаңа шағынаудандардағы үлкен көшелердің біріне берсе, орынды болар еді. Сол секілді қос қаламгердің атында мектеп, еңселі ескерткіштері де болғаны жөн.