"Хабар" агенттігі бұрынғы ақпарат министрінің үстінен сотқа іскерлік беделін қорғау туралы шағым түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хабар" агенттігі бұрынғы ақпарат министрінің үстінен сотқа іскерлік беделін қорғау туралы шағым түсірді

"Хабар" агенттігі бұрынғы ақпарат министрінің үстінен сотқа іскерлік беделін қорғау туралы шағым түсірді

"Хабар" агенттігі" АҚ бұрынғы ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлының үстінен сотқа агенттіктің іскерлік беделін қорғау және моральдық шығынның орнын толықтырып беру туралы шағым түсірді,- деп хабарлайды Агенттіктің баспасөз қызметі.

  • 28 Қазан 2004
  • 732
Фото - Caravan.kz

Сотқа мұндай шағым түсіруге бұрынғы ақпарат министрінің республикалық газеттердің бірінде жарияланған пікірі түрткі болды. Онда А.Сәрсенбайұлы «Хабар» агенттігін «Қазақстандағы БАҚ-тар рыногын монополияға айналдырған медиахолдинг» санатына қосыпты.

Агенттік заңгері Қанат Сахарияновтың хабарлауынша, «Хабар» Агенттігі Хабар, Ел арна және Caspionet телеарналары, Хит ФМ-Хабар радиостанциясы, www.khabar.kz және www.caspionet.kz вебсайттары тәрізді бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі болып табылады және қандайбір медиахолдингіге кірмейді.
Сондай-ақ, өз сөзінде бұрынғы ақпарат министрі Агенттікті бюджет заңнамасын бұзды деп айыптаған.
«Хабар» агенттігінің шағымында атап көрсетілгеніндей, «А.Сәрсенбайұлы мырза көпе-көрнеу жалған ақпарат таратты деуге болады. Өйткені, мемлекет атынан
«Хабар» агенттігі» АҚ акцияларының бақылау қоржынын иемдену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын профильді министрліктің жетекшісі ретінде істің мән-жайын білуге тиіс болатын және оны білді де. Тіпті «Хабар» Агенттігінің іс-қызметіне қатысты кейбір нормативтік құжаттарға өз қолымен қол қойды».
«Хабар» Агенттігінің атынан түсірілген шағымда А.Сәрсенбайұлынан агенттіктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жоққа шығару, одан моральдық шығынның өтемі ретінде 1 млрд. теңге өндіріп алу талап етілген.

Перейти к новостям спорта