"Хабар" агенттігінің бас директорының қаза табуына себепкер болған жол апаты Бас прокуратураның бақылауы аясында тексеріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хабар" агенттігінің  бас директорының қаза табуына себепкер болған жол апаты Бас прокуратураның бақылауы аясында тексеріліп жатыр

"Хабар" агенттігінің бас директорының қаза табуына себепкер болған жол апаты Бас прокуратураның бақылауы аясында тексеріліп жатыр

"Хабар" агенттігінің бас директоры Жанар Әбділдинаның қаза табуына себепкер болған жол апатына қатысты тергеу шаралары "Бас прокуратураның бақылауы аясында жүзеге асырылуда". Бұл туралы бүгін, 12-мамырда бас әскери прокуратурадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 12 Мамыр 2005
  • 415
Фото - Caravan.kz

Жол апаты дерегі бойынша 11-мамырда қозғалған қылмыстық істі тексеру үшін ҚР ІІМ әскери-тергеу департаменті әскери-тергеу басқармасының қызметкерлерінен шұғыл топ жасақталды. Қазір тергеу амалдары басталу сатысында, деп хабарлайды прокуратура.

ҚР ҰҚК-нің лейтенанты Александр Гудков аталмыш жол апаты бойынша күдікті деп танылуда. Қазір ол тергеу амалдарына қатысуда. А.Гудковты қамауға алу немесе алмау мәселесі «жуырда» шешіледі.
Тергеушілер әзірге ҰҚК қызметкерінің жол апатына кінәлі екенін растайтын дәлелдер туралы тіс жармай отыр. Олардың айтуынша, жол апаты «кінәліні бірден тап басып айтуға келмейтін көмескі оқиға», тараптардың кінәсін анықтау үшін «күрделі сараптамалық шараларды» іске асыру қажет.
Алматы қалалық ІІББ-ның тергеу басқармасының басшылығы тергеу амалдары туралы түсініктеме бермей отыр. «Өйткені, іс ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу департаментінің қарамағына берілген», дейді олар.
Ал ҚР ІІМ-нің әскери-тергеу департаментінің басшылығы болса, әзірге түсініктеме беруден бас тартуда. ҚР ІІМ әскери-тергеу департаменті директорының орынбасары Асылхан Малдыбаевтың айтуынша, «ол әзірге іс материалдарымен толық танысып үлгерген жоқ».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10-мамырда Алматыда «Хабар» агенттігінің бас директоры Жанар Әбділдина жол апатынан мезгілсіз қайтыс болды. Апат салдарынан автокөлікте Ж.Әбділдинамен бірге болған Раушан Сәрсенбаева, Тимур Урманчеев пен жүргізуші Серік Бақбаевтар түрлі дәрежеде жарақаттанды.
Апаттың шығуына ҚР ҰҚК-нің арнаулы ақпараттық қызметінің маманы Александр Гудковтың мас күйінде көлік айдауы себепкер болды. Ол «Хабар» агенттігінің қызмет бабындағы автокөлігімен соқтығысып қалған.

Перейти к новостям спорта