Хабарлама! Қазақстан журналистикасының жұлдыздары шеберлік сабақтарын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хабарлама! Қазақстан журналистикасының жұлдыздары шеберлік сабақтарын өткізеді

Хабарлама! Қазақстан журналистикасының жұлдыздары шеберлік сабақтарын өткізеді

Хабарлама!

  • 14 Қыркүйек 2018
  • 76
Фото - Caravan.kz

Қазақстан журналистикасының жұлдыздары шеберлік сабақтарын өткізеді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірге «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды бастайтынын жариялайды. Отандық БАҚ-тың танымал журналистері аймақтық форумдарда жас журналистерге арнап шебердік сабақтары мен тренингтер өткізеді.

Жоба мақсаты – еліміздің журналистика саласын дамыту. Аталған форумдар 11 қыркүйекте Тараз қаласында, 16 қыркүйек — Алматы, 25 қыркүйек – Семей, ал 5 қазанда Астана қаласында өткізіледі. Қатысушылар – 14 пен 29 жас аралығындағы жас журналистер және болашақта журналист боламын деген жастар.

Форумдарды келесі спикерлер өткізеді: Мәжіліс депутаты, тележүргізуші және журналист Артур Платонов, «Қазақстан» РТРК-нің басқарма төрағасы Ерлан Карин, «Informburo» бас редакторы Михаил Дорофеев, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл және «Караван» газетінің бас директоры Александр Нездемковский, КТК телеарнасының тілшісі, Қазақстан ұлттық телеарнасы «Мәселе» бағдарламасының авторы Нартай Аралбайұлы және «КТК» арнасының тележүргізушісі, «MOJO» мобильді журналистика бойынша авторлық курсының негізін қалаушы Дина Төлепберген.

Жоба 3 кезеңнен тұрады: өтінім қабылдау – іріктеу кезеңі; аймақтық форумдар; қорытынды республикалық форум. Нәтижесінде 500-ге жуық жас журналистерді оқытып, менторлық көмек көрсету арқылы журналистік жолдағы прогрессін бақылау көзделген.


Жұлдызды десант баратын келесі қала – Алматы қаласы. 16 қыркүйекте Алматы Менеджмент университетінде «Jas Qalam» жобасының тұңғыш форумы өткізіледі. Қатысуға барша жас журналистер мен аталған мамандыққа қызығушылығы бар жастарды шақырамыз.

Форумдарға қатысу үшін https://goo.gl/forms/X8RMcEDsiCdV7bak1 сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Толық ақпаратты жоба жетекшісі Сыздықова Аидадан 8 747 674 48 36 байланыс телефоны бойынша алуға болады.

Соңғы жаңалықтар