Хабаровск әуежайында жерде екі ұшақ соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хабаровск әуежайында жерде екі ұшақ соқтығысты

Хабаровск әуежайында жерде екі ұшақ соқтығысты

Ресей Қиыр шығысының көлік прокуратурасы Хабаровск әуежайында «Аэрофлот» ұшағының қатысуымен орын алған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп жатыр,

  • 9 Қараша 2015
  • 215
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ведомствода баспасөз қызметі.  

"Хабаровск әуежайында жексенбі шамамен сағат 14:30-да (7:30 мск) "Аэрофлот" әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы ұшу-қону жолағында қанатымен  Ан-26 ұшағын жанап өтті. Жапа шеккендер жоқ", — деді ведомство өкілі.

Бақылау ведомствосының ақпаратынша, ұшақ Мәскеуге рейс жасамақ болған. Салдарынан рейс 2 сағаттан артық уақытқа кешікті. Жолаушылар өзге ұшақпен жөнелтілуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар