Хайнаньнан келген қазақстандықтар мінген бірінші рейс Алматы әуежайына қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хайнаньнан келген қазақстандықтар мінген бірінші рейс Алматы әуежайына қонды

Хайнаньнан келген қазақстандықтар мінген бірінші рейс Алматы әуежайына қонды

Қытайдың Хайнань аралына кеткен қазақстандықтар Алматы әуежайына келіп қонды. Бортта тек қазақстандықтар ғана емес, Ресей, Қырғызстан азаматтары да бар.

  • 29 Қаңтар 2020
  • 251
Фото - Caravan.kz

Sputnik Қазақстан тілшілері оларды әуежайда қарсы алды. Демалушылардың айтуынша, коронавирустың пайда болуынан Қытайда емес, Қазақстанда алаңдаушылар көп екен.

Әуежайға кіре берісте екі жедел жәрдем болды. Алайда келген қазақстандықтар бортта вирус жұқтырған адамдар жоқ деп мәлімдеді.

«Ұшақта ешкім де түшкірмеді. БАҚ-тағы жаңалықтар бізді одан сайын қорқытты. Біз қорқып қалдық, біз ештеңе (экзотикалық) жеген жоқпыз. Маскалар мен көзілдірік кигенбіз. Біз 20 қаңтардан бастап сол жерде болдық», — деді Арнай, Хайкоудан (Хайнань аралаындағы қалалық аудан) келген қазақстандық.

Сонымен қатар ол Sputnik Қазақстан тілшілеріне Хайко ұшып бара жатқан кездегі видеоны көрсетті. Видеоға қарасақ, Хайкоуда тіршілік иесі қалмағандай. Көшеде көлік те, адамдар да жоқ деуге болады.

Карантинге байланысты барлық адамдар үйінде отыр, дейді өз атын атамағысы келмеген тағы бір жолаушы. Дегенмен, жолаушыға демалыс ұнаған. Елге ертерек келуге мүмкіндік болмаған. Өзге де жолаушылар дәл осындай пікірде.


Әлия есімді жолаушының айтуынша, Ол Хайнаньда балаларымен және жиенімен демалған екен. Билетті олар вирус туралы хабар болмай тұрып алған. Қытайға барған бойдан вирус туралы білген.

"Балалар үшін мүлдем қорыққан жоқпын. Ол жерде барлығы тыныш. Ешнәрсе демалыстың әсерін бұзбады. Тек соңғы екі күнде, 26 қаңтардан бастап, экскурсиялар мен сауықтыру іс-шаралары өз жұмысын тоқтатты", — деді жолаушы.

Агенттіктің жазуынша, рейс 12 сағатқа кешіктірілген. 

Хайкоуда демалған қазақстандықтар елге 29 қаңтарда ұшып елді.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 132 адамға жеткені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар