Жарияланды: 390

Хакерлер Қаржы полициясының ресми сайтына шабуыл жасады

Хакерлер Қаржы полициясының ресми сайтына шабуыл жасады

Белгісіз хакерлер тобы 11 қарашада ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми сайтын бұзды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің тілшісіне ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті. М.Жұманбайдың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта барлық ақаулар жойылды. Агенттіктің веб-ресурсы қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. «Сайтты бұзып кіру оқиғасын құзырлы органдар тергейтін болады», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін