Халал дегені шошқа еті болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халал дегені шошқа еті болып шықты

Халал дегені шошқа еті болып шықты

Елімізде «Халал» белгісі бар шұжықтардан доңыз еті табылды

  • 28 Қараша 2017
  • 271
Фото - Caravan.kz


Халалдың атын ғана жамылып жүргендер бізде де аз емес екен. Шұжық өнімдерін шығарған қазақстандық осындай 11 кәсіпорынның әрекетті әшкере болды. Олардың өнімдерінің құрамында шошқаның ДНК-сы анықталған. Мұның алдында ресейлік компаниялардың шұжығынан жаппай шошқа еті табылып еді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл жолы шұжықпен қатар, көрші елдің «Халал» белгісі басылған сиыр консервілерінің ішінен де шошқа еті табылған. Жалпы, жыл басында Денсаулық сақтау министрлігі 36 мың өнімді алып, майшаммен құрамын зерттеуге кіріскен екен. Оған қазынадан шығындалған қаржы да аз емес. 60 млн теңге. Осылайша, 29 мың өнімнің 2138-і талапқа сай болмай шықты. Халалдың арамға айналуына ет комбинатындағы өнімдердің бір құрылғыдан шығатыны себеп. Технологиялық талап бойынша, аппарат тазаланып тұруы тиіс. Тұтынушыларды алдаумен пайдаға қарық болуды көздеген кәсіпорындарға 21 млн теңге көлемінде  айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар